Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЕліміздің премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылаған.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге өзара бейілділік білдірілді.
Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырған.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды