7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті қарсаңында премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көлік, логистика, коммуникация және климаттың өзгеруімен күрес салаларында ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестиция, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктер мен болашағы зор бағыттарға назар аударып, Ұйым аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін айқындады.
Отырыс барысында ТМҰ Саммитіне дайындық барысы қаралып, оның аясында қол қойылатын құжаттар жобалары мақұлданды. Іс-шара алғаш рет Еуропада орналасқан бақылаушы елдің аумағында өтуде.
Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған. Бүгінде оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебеге ие.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?