6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қатар мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Абдалла Хусейн Джаберді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар саяси диалогының жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың үдемелі дамуын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.
Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Қатарға ресми сапары аясында қол жеткізілген перспективалы инвестициялық жобалар бойынша уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады және барлық өзекті мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісті,-делінген СІМ мәліметінде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі