23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетика және транзит-көліктік салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хиваға жұмыс сапары және тамыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға жасаған мемлекеттік сапары нәтижелерінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, М.Нұртілеу Өзбекстанмен достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Қазақстанның мүдделілігін атап өтті.
Бұл тұрғыда екі мемлекет басшыларының алдағы жылдары тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізу үшін сауда, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш салаларындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету үшін жаңа өсу жолдарын іздеудің маңыздылығы аталып өтті.
Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі Ташкенттің Қазақстанмен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға деген берік ұстанымы туралы хабарлады. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетуді және Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына жәрдемдесуді жалғастыруға дайындық білдірілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік