Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммад Әл-Бахраниді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидидің жақында Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының қорытындыларын қанағаттанушылықпен атап өтіп, сапар аясында қол қойылған Жол картасын іске асыру үшін бар күш-жігерін салуға келісті.
Сондай-ақ қолданыстағы құрлық және теңіз маршруттарын кеңейту арқылы сауда және логистикалық байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар мүдделі тараптармен логистикалық мүмкіндіктерді бірлесіп дамыту үшін жұмыс топтарын құру туралы келіссөздерді бастауға дайын екені айтылды. Сондай-ақ Оманның Қазақстан мен көрші елдер үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасы қолдау тапты.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?