23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер (ТШЖДЕ), оның ішінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның тұрақты қолдауын атап өтті. Осы тұрғыда 2003 жылы Алматы қаласында БҰҰ-ның ТШЖДЕ мәселелері жөніндегі бірінші конференциясын өткізу аталып өтті, онда ТШЖДЕ ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған алғашқы онжылдық Алматы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.
Өз кезегінде Р. Фатима ү.ж. желтоқсан айында Габорон қаласында (Ботсвана) өтетін БҰҰ-ның ТШЖДЕ бойынша алдағы Үшінші конференциясын өткізуге Қазақстанның қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында Қазақстан СІМ басшысы Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичпен және Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен екіжақты кездесулер өткізді.
Тараптар Қазақстанның аталған елдермен өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты. Өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұған қоса Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады