29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Буркина-Фасоның Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі буркиналықтар министрі Карамоке Траоремен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сапар Буркина-Фасо сыртқы саяси ведомствосы басшысының екіжақты қатынастар тарихында Қазақстанға алғашқы ресми сапары және серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың мүмкіндіктер ашады.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе, логистика, пайдалы қазбаларды өндіру, цифрландыру және қорғаныс өнеркәсібі сияқты болашаққа бағытталған салалардағы ынтымақтастықты арттыруға басымдық берілді.
Африка бағыты – Қазақстан сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Астана құрлық елдерімен өзара тиімді және тең құқықты серіктестікті нығайтуға ұмтылады, - деді М.Нұртілеу.
Сонымен қатар Қазақстан СІМ басшысы Буркина-Фасоның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.
Министрлер шарттық-құқықтық базаны тереңдетуге және әртүрлі деңгейдегі сапарларды жандандыруға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек