Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыПремьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ақтау қаласының маңында Әзербайжан «AZAL» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған отбасыларына және бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтты. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ өңірлік форматтар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі жан-жақты нығайтуға өзара дайындық расталды.
Сондай-ақ, 2025 жылғы алдағы іс-шаралар кестесі де қаралды.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды