15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыШымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Мұрат Әбділдәнің түзету мекемесінде ән айтып тұрған сәті түсірілген бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бейнежазбадан белгілі болғандай, колония аумағында шағын концерт ұйымдастырылып, онда Мұрат сахнаға шығып өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта ол жазасын Шымкенттегі №54 түзеу мекемесінде өтеп жатыр.
Блогер еркіндікке шыққаннан кейін шығармашылық жолын қайта жалғастырмақ ниетте екенін жеткізді.
Бостандыққа шыққан соң шығармашылықпен айналысамын, жаңа әндер дайындап қойдым. Жақсы жаңалық күтіңіздер, – деді Мұрат Әбділдә.
Еске сала кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «Әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша сотталған болатын.
Былтыр ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді, алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін қайтадан колонияға жіберілді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады