2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАбылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тілдік және архивтік бейіндегі мамандарды даярлаудағы жасанды интеллект» атты Республикалық стратегиялық сессия отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырысқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және баспа ісі комитеті төрағасының орынбасары А.Дюсекова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы К.Сеитова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Жобалық басқару орталығының жетекшісі С.Кенжебаева, Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) атқарушы директоры Е.Абсалямов, сондай-ақ Ұлттық және мемлекеттік маңызы бар мұрағаттардың және Қазақстан Республикасы ЖОО өкілдерінің 80-нен астам өкілдері қатысты.
Қатысушыларға алғы сөзімен ректордың м.а. Д.Құнанбаева Қазақстан Республикасының Үкімет Аппаратына және жетекшілік ететін министрліктерге Университеттің тілдік және архивтік бейіндегі мамандарды даярлаудағы мәселелерді шешуге арналған пікірталас алаңына айналуына мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ еліміздегі жетекші шет тілдері университеттерінің бірі ретінде Қазақстан мен әлемдік экономиканың сұранысына сай білікті кадрлар даярлауға жауапты екенін атап өтті.
Жалпы баяндамашылар мұрағат қызметінде жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне, электронды мұрағаттар тек сақтау қоймасы емес, құжаттарды талдаудың толыққанды интеллектуалды жүйесі болуын қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасалып жатқанын, бүгінгі күні электронды құжат айналымы жүйесінде ұсынылған қосымшаларды ауқымды енгізу үшін қандай қадамдар қажет екенін, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және ағылшын тіліне оқу құжаттарын сапалы аударуды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті.
Республикалық стратегиялық сессия отырысының қорытындысы бойынша айтылған тақырып бойынша негізгі шешімдер, даму бағыттары мен бірінші кезектегі шаралар жазылған қорытынды құжат ұсынылады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова