13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына кандидат ұсынбаған. Ал атышулы Нұржан Әлтаевты Президенттікке үміткер ретінде таныған хаттама жарамсыз болып шықты, деп хабарлайды El.kz.
Қоғамдық бірлестіктің өкілдері осындай мәлімдеме жасады.
Айтуларынша, ұйымның жиынына қатысқан 15 аймақтық филиал жетекшісінің 13-і экс-депутат Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы дауыс берген. Жалпы бірлестік атынан сайлауға үміткер ұсынбау деген бастаманы көбі қолдаған көрінеді.
Өйткені, «Мұқалмас» сайлау барысын тәуелсіз байқаушы болғандықтан бейтарап қалуды жөн деп тапқан. Алайда, «кандидат ретінде Әлтаев ұсынылды» деген ақпаратты естіп, қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Майра Төлеубекқызы бірден сотқа шағымданған.
Еске салсақ, 7 қазанда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Нұржан Әлтаев ОСК-ға құжаттарын тапсырған еді.
Алайда, орталық сайлау комиссиясы үміткерді ұсыну туралы хаттаманың бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын хабарлады.
Кейін заңгерлер кандидаттардың неге өтпей қалғанын түсіндірді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды