Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.
Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.
Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.
Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.
Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс