Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІшкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша жедел кеңес өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, кеңес барысында елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер қаралды.
«Заң мен Тәртіп» қағидатын тиімді жүзеге асыру үшін Ішкі істер органдарында 2025 жыл «Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіп күзетінде» деп жарияланған болатын. Осы бағытта министр қылмыстың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде жеке профилактикалық іс-шараларды күшейту, қылмыс жасауға бейім адамдарды ерте кезеңде жүйелі түрде анықтау бойынша міндеттер жүктеді, сондай-ақ жұртшылықты алдын алу саласына белсенді тарту қажеттігін алға тартты.
Ведомство басшысы мүдделі органдармен бірлесіп мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқитын жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.
Үкімет отырысында инфрақұрылымдық даму, цифрлық технологияларды енгізу және энергетика саласының ілгерілеуі де негізгі бағыт ретінде атап өтілді. Сондықтан жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мұнай өнімдерін ұрлаудың және оларды шетелге заңсыз әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын, - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ Ержан Саденов қызмет басшылары мен өңірлік бөліністердің жетекшілерінің алдына интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық жобаларды дамыту, тиісті көші-қонды бақылауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты рәсімдерді жақсарту, азаматтардың өтініштерімен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Бұдан бөлек, биылғы кезеңдегі жедел қызметтің нәтижелері қаралды, оның барысында жұмыстың нақты бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары