30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМұнай-газ саласының көрнекті қайраткері Олег Герштанский өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика министрлігінің басшылығы мен ұжымы техника ғылымдарының докторы, Маңғыстау облысындағы мұнай және емдік-минералды су кен орындарының алғашқы ашушысы Олег Герштанскийдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады.
Олег Герштанскийдің бүкіл ғұмыры – өз ісіне адалдық пен сеніміне деген мызғымас беріктіктің жарқын үлгісі.
Ол 1978 жылдан бастап өмірінің соңына дейін мұнай-газ саласындағы түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерде еңбек етті. Мұнайшы-геологтардың Қазақстандық қоғамының мүшесі, министрлік жанындағы Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі болды. «KAZENERGY» қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесіне кірді. 100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.
Олег Сергеевич жарқын ғұмыр кешті, әрдайым белсенді азаматтық ұстанымда болды, оны терең адамгершілік қасиеттері, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы ерекшелендірді.Геологтар мен геофизиктер қауымдастығы өзінің ең қымбатты мүшелерінің бірін – еліміздің мұнайшылар дәстүрін сақтаушы әрі қорғаушы тұлғасын жоғалтты. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, ал еңбектері болашақ ұрпақтың жадында қалады. Отбасы мен жақындарына осындай ауыр қайғыға байланысты көңіл айтамыз,-делінген министрлік мәліметінде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды