6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қаржы қызметтеріне қол жеткізу деңгейі төмен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат-жобасында көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 сәуірдегі статистикалық дерегіне сай, Қазақстанда 955,4 мың адамның әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар. Ал Мемлекеттік кредиттік бюроның 1 мамырдағы ақпаратына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі 66,7 мың адам кредиттік ұйымдардан тұтынушылық займ алған. Бұл жалпы көлемнің 6,98% ғана құрайды. Осы көрсеткіш қаржылық қызметтердің аталған санаттағы адамдарға қолжетімділігінің төмен деңгейін көрсетеді, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.
Сонымен бірге былтыр қазақстандықтар тарапынан банк және микроқаржы секторындағы ұйымдарының жұмысына қатысты 35 мыңнан аса өтініш түскен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі