Мүмкіндігі шектеулі студенттердің құқықтары тапталып, кейбірі стипендиядан қағылған

24 Қаңтар, 01:10 777

Шымкенттегі «Болашақ» колледжінің инклюзивті тобындағы студенттерінің құқықтары тапталған. Олардың кейбірі стипендия ала алмай жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, студенттердің ата-аналары ведомствоның Шымкент қаласы бойынша өкіліне хабарласқан. Арызданушылар білім ошағында ерекше қажеттіліктері бар студенттерге сабақтың сурдоаудармашысыз жүргізілетініне шағымданған. Өкіл колледжге барып, сурдоаудармашы екі ай бұрын жұмыстан босатылғанын, осы уақыт ішінде инклюзивті топтағы студенттерге арнайы қызмет көрсетілмегенін анықтады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттер жатақханада тұру үшін ақша төлесе, кейбірі студенттік стипендияларын алмаған.

Оқи отырыңыз: 

Интервациядан кейін және Шымкенттегі Адам құқықтары жөніндегі өкілінің ұсыныстарын енгізген соң барлық ескертулер мүмкіндігінше тез жойылды. Ымдау тілі мұғалімі жұмысқа алынды, жатақханада тұру ақысын жинау тоқтатылды және жаңа академиялық сессияда барлық студенттерге стипендия төленетін болды. Бұл ретте өкілдің ұсынысы негізінде аталған колледждің оқу жөніндегі басшылығына қатаң сөгіс берілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: