Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҚазақстанның Халық жазушысы Түркияға қоныс аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жазушы, журналист Қорғанбек Аманжолдың айтуынша, қазір Мұхтар Мағауин Түркияның Кемер қаласында тұрып жатыр.
Жаңалыққа қарай қалшы, ағайын,
Ақ теңізде шомылады Мағауин.
Түркияда келіп жетті Кемерге,
Қуаныштан жанға шуақ жағайын!
Жақсы жаңалықты сүйіншілеген Қуанышбек бауырым,
Желіге салған хатшысы Қорғанбек Аманжол деп біліңіздер...
Енді Мұхтар Мағауин ағатайым мұхиттың ар жағында емес, «Ассалаумағаләйкүміңіз» әп-сәтте жететін жақын жерде, жамағайын елде екеніне қуанып жүріңіздер, - деп жазды Қорғанбек Аманжол Facebook әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, соңғы жылдары жазушы Мұхтар Мағауин Америка Құрама Штаттарында өмір сүрді. Ал 2007 жылы ол Чехияға қоныс аударған болатын.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді