6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПариж Олимпиадасында жекпе-жекке шыққан боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы жарыстың ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберді. Алғашқы раундта қазақ боксшысы 5:0 есебімен алға шыққан болатын. Алайда төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен грузиялық спортшыға берді.
Жекпе-жек нәтижесі бойынша төрешілер шешімімен отандасымыз 3:2 есебімен жеңілді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінген болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі