6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке Түркия елінде ота жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бір жарым жыл бұрын аяғын сындырып алған, түрлі ота жасалса да, сүйегі бітпепті. Тіпті, басқа ағзаларды бүлдіре бастаған. Соған орай Түркия еліне барып, белгілі дәрігерлер ота жасатты.
Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт! Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де, «быламыққа тіс сынатынын» білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың, – дейді айтыскер ақын.
Желі қолданушылары айтыскер ақынға тезірек сауығып кетуіне тілекші екендігін білдіріп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі