Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚұмыра жасау және гүл өсіруден шеберлік сағаттары Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы және Түркістан қаласының мүгедектігі бар тұрғындары үшін өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысында инклюзивті қоғамды дамытуға және мүгедектігі бар адамдардың тұрақты интеграциясына жәрдемдесуге бағытталған жобаны іске асырып келеді.
Жоба аясында қоғам белсенділері психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді, кәсіптік оқыту жүргізіп, азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Осылайша, 20 бенефициарға арналған қыштан құмыра жасау және гүл өсіруден шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
«Оқыту «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының базасында офлайн форматта жүргізіледі. Тренерлер бенефициарларға оқу аяқталғаннан кейін де қолдау көрсетеді. Шеберлік сағаттары аясында 20-дан астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Біз бенефициарларға жұмыс орнын таңдау кезінде де, жұмыс ұжымына қосылу кезінде де, сондай-ақ жұмысқа орналасқаннан кейінгі бірінші кезеңде қолдау көрсетуді басты назарға аламыз. Осылайша, біз мақсатты аудиториямызды барынша тиімді әлеуметтендіре аламыз», - дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.
Әлеуметтік жоба осы жылдың қыркүйегінде аяқталады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары