6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді. Қолданыстағы нормативтік база мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша барлық қажетті талаптарды қамтиды.
Атап айтқанда:
➤ сәулет-жоспарлау тапсырмасында және жобалауға арналған тапсырмада қолжетімділік бойынша міндетті талап;
➤ жобада сараптама сатысында қолжетімділік шарттары болмаған кезде жобаны пысықтауға жіберу;
➤ құрылыс кезінде кедергісіз орта бойынша талаптарды орындау;
➤ құрылыс барысында кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша авторлық және техникалық қадағалау тарапынан бақылау;
➤ абаттандыру кезінде кедергісіз ортаны қамтамасыз ету;
➤ қол жетімділік жағдайларын жасау үшін көршілермен пәтерді қайта құру туралы келісу қажеттілігін жою;
➤ қол жетімділік бойынша жобалау-сметалық құжаттамадағы жеке бөлім;
➤ мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді растау үшін объектілерді қабылдау кезінде әлеуметтік қорғау органдарының қатысуы;
➤ бюджет есебінен тұрғын үйлерді жоспарлау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін пәтерлердің кемінде 5%-ын қамтамасыз ету жөніндегі міндет орындалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі