6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМекеме басшысы бірнеше жыл бойы мүгедектігі бар жандардың зейнетақысы мен жәрдемақысын қалтасына басып келген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Жезқазғанда 44 миллион теңгені жымқырған әлеуметтік мекеменің директоры сотталды. Сотталушы мүгедектердің зейнетақысы мен жәрдемақысына қол сұққаннан бөлек, мекеме қызметкерлеріне жалған үстемақы тағайындап, ол қаражаттан да қалтасына басып отырған.
Әлеуметтік мекемедегі жанжал сәуір айында басталған. Директор 29 адамның зейнетақысы мен мүгедектік жәрдемақысын жымқырған. Олардың кейбіреулері қозғала алмайды, басқалары әрекетке қабілетсіз. Мекеме тұрғындары бірнеше жыл бойы жәрдемақыларының бір бөлігі ұрланып жатқанынан күдіктенбеген де.
Сотталушы болған жағдайға өкінетінін айтып, өз кінәсін мойындады. Тіпті ұрлаған ақшаның бәрін қайтарып берді. Нәтижесінде экс-басшының мекеме тұрғындарының әрқайсысынан 500 мыңнан 1 жарым миллион теңгеге дейін алғаны белгілі болды.
Ол сот үкімімен ол кәнілі деп таналып оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі