Мүгедек балалардың ата-аналарына жарты млн-нан астам салық заңсыз салынған

24 Қаңтар, 05:20 890

Қарағанды облысында мүгедек балалары бар 63 ата-анаға жарты млн-нан астам теңгеге заңсыз есептеу (жеке табыс салығы) жүргізу жолымен конституциялық құқықтары бұзылған. Мұндай деректі прокурорлар анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасы Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тексеру өткізу аясында салық төлеушілердің құқықтарының бұзылу фактілерін анықтады.

Салық кодексінің 128-бабына сәйкес, салық органы дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға, жеке практикамен айналысатын тұлға 1 АЕК-тен астам салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық шығарады. Алайда салық органы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бұйрықтар шығарған. Бұл олардың қызметін тоқтатып, құқықтарының шектелуіне әкеп соққан.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 4 444 641 теңге құрайтын 126 салық бұйрығының күші жойылды, кейіннен жеке сот орындаушылары шектеу шараларын алып тастады.

Салық кодексінің 114-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес хабарламада, заңда белгіленген жағдайларда  салық міндеттемесінің сомасы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттеме  көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда аталған заң талабына қарамастан ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы 0 теңге сомасы көрсетілген хабарламалар жіберген. 

Оқи отырыңыз: 

Прокурорлық ден қою шараларымен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 675 хабарлама кері қайтарып алынды. Қол қоюға уәкілетті емес тұлғаның цифрлық қолтаңбасы бар 23 хабарлама жойылды. 

127 жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды. Мүгедек балалары бар 63 ата-анаға жалпы сомасы 583 658 теңгеге заңсыз есептеу (жеке табыс салығы) жүргізу жолымен  мүгедек балалар мен олардың өкілдерінің конституциялық құқықтарын бұзу фактілері анықталды. Артық төленген соманы қайтару шаралары қабылданды делінген облыс прокуратурасының мәліметінде. 

Перизат Саденова
Бөлісу: