Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәселесіне қатысты сұрақтарды алға шығарды.
2021 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Ақмола облысында "Батыр" қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу мақсатында қайырымдылық аукционын өткізген. Оның айтуынша, аукцион нәтижесінде 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге болатын ғимарат сыйға тартылған.
Тергеу барысында анықталғандай, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге ғана жиналған. Перизат Қайрат бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар, ол "Батыр" қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге тұратын жер телімін сатып алғанын мәлімдегенімен, бұл участокты бірлестіктің өзі 2019 жылы сатып алғаны белгілі болды.
Перизат Қайрат берген мәліметтерге қарамастан, оңалту орталығының құрылысы әлі басталған жоқ. Сондай-ақ, орталыққа қажетті делінген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары