30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҮкімет отырысының брифингінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа журналистер кейбір өңірлерде мұғалімдердің ақылы семинарларға қатысуға және газет-журналдарға мәжбүрлі түрде жазылуға қатысты шағымдар барын жеткізді. Олар мұндай әрекеттердің қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, елімізде 8 мыңға жуық мектеп пен 600 мыңға жуық мұғалім бар. Алайда мұндай келеңсіз жайттар нақты қай өңірде, қай мектепте болып жатқанын анықтап, заң бұзылған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.
Расында, ақылы семинарлар өткізуге қажеттілік жоқ. Өйткені «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы жүйелі түрде тегін курстар өткізіп отырады. Сондай-ақ, әр өңірде өздерінің әдістемелік орталықтары бар. Қосымша семинарлар да тегін өтуі тиіс. Егер мұғалімдерді мәжбүрлеп ақылы шараларға қатыстыру фактілері болса, бұл – жергілікті білім бөлімдерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан жағдайлар. Кейде бұл 5-6 мектеп көлемінде орын алып, бүкіл ел бойынша таралғандай әсер береді. Бірақ нақты фактілер болса, біз заңға сай әрекет етеміз, – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды