2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің әлеуметтік желілер мен түрлі трендтерге тым әуестеніп кеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Шын мәнінде, мұғалімдер, тіпті балабақшадағы тәрбиешілерге дейін СММ маманы, мобилограф сияқты қосымша міндеттерді атқарып жүр. Менің ойымша, мұғалімдерге қосымша жүктеме болмауы керек. Мұғалім тек сабағын өткізуі тиіс. Егер рилс жасау немесе әр тәрбие сағатын формалды түрде бейнежазбаға түсіру міндеттелсе, ол – үлкен жүктеме әрі заңның бұзылуы», – деді депутат.
Сондай-ақ ол ата-аналардың да құқығына тоқталды.
«Әр ата-ана өз баласын видео немесе фотоға түсіруге қарсылықтарын білдіруге құқылы. Мектептен осы мәселені талап ету керек. Бала бейнесіне қатысты құқық тек өзіне тиесілі. Сондықтан ата-ана рұқсатынсыз баланың бейнесін жариялауға болмайды», – деді Асхат Аймағамбетов.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс