Мұғалім жетіспейді, мектептер жабылуда: Франциядағы наразылықтың себебі неде?

Мұғалім жетіспейді, мектептер жабылуда: Франциядағы наразылықтың себебі неде?

Көктем Қарқын
Фото: Laurent Cipriani/AP

Францияда мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдердің жаппай наразылығы жалғасып жатыр. Елде қауіпсіздік шараларына байланысты жүздеген мектеп жұмысын уақытша тоқтатты. Ал сейсенбі күні наразылықтың жаңа кезеңі басталмақ.

Euronews хабарлауынша, дүйсенбіде Франция бойынша 400-ден астам мектеп жабылды. Үкіметтің мәлімдеуінше, жоғары сынып оқушыларының жаппай наразылығы жағдайында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету қиын. Бұған қоса, өткен аптадағы тәртіпсіздіктер кезінде 20-дан астам мектеп өртеніп, тоналған.

Наразылық басталған өткен дүйсенбіден бері үкіметтің дерегінше, 170 оқушы мен білім беру саласының 78 қызметкері жарақат алған. Сондай-ақ тәртіпсіздіктерге байланысты 5 мыңнан астам адам ұсталған, олардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.

Монпельеде жоғары сынып оқушылары тәртіп сақшыларының арнайы жасағымен бетпе-бет келді. Фото: Horcajuelo Guillaume/EPA

Оқушылар наразылығының себебі

Француз лицейлерінің оқушылары елдегі білім беру жүйесіне қатысты бірқатар мәселеге қарсылық білдіруде. Негізгі талаптардың бірі – білім саласына бөлінетін қаржының қысқаруына байланысты проблемалар.

Наразылық білдірушілердің айтуынша, қаржыландырудың жеткіліксіздігі:

Оқушылар мен педагогтер білім беру мекемелеріндегі санитарлық жағдайға да алаңдаулы.

Парижде граффити жазылған қоқыс жәшіктері өртеніп жатыр. Фото: Томас Самсон/AFP/Getty Images

Наразылық қалай өрбіді?

Алғашқы акциялар Париждің маңындағы елді мекендерде басталған. Кейін наразылық бүкіл Францияға тарады. Кейбір қалаларда бейбіт шерулер тәртіпсіздікке ұласып, полиция араласуға мәжбүр болған.

Францияның Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктерге экстремистік қозғалыстардың қатысы барын айтып отыр. Алайда наразылыққа қатысушылардың негізгі көтеріп отырған мәселесі – білім беру жүйесіндегі жағдай және мемлекеттік қаржыландыру.

Сейсенбі күні Францияда жаңа ауқымды акциялар жоспарланған. Оған оқушылармен қатар студенттер мен мұғалімдер кәсіподақтарының өкілдері де қатысуы мүмкін.

Олар білім беру саласындағы талаптармен бірге полицияның наразылық кезіндегі әрекеттеріне де қарсылық білдіруде. Осылайша бастапқыда мектептердегі жағдайға байланысты басталған наразылық біртіндеп қауіпсіздік шаралары мен құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты пікірталасқа ұласып отыр.

Оқи отырыңыз

{