Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПавлодар облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үйді бөлуде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Железин ауданында пәтерлер тұрғын үй комиссиясының шешімінсіз және жалдау шарттарынсыз лауазымды тұлғаларға берілген. Бұл жерде «Кел де тұра бер» деген бейресми тәжірибе қалыптасқан.
Мысалы Башмачин мектебінің мұғалімі 2022 жылдан бері жетім балаға арналған пәтерде тұрған. Сонымен қатар 70 жалға алушы жалдау ақысын төлемеген, жалпы қарыз 6,5 миллион теңгеге жеткен. Алайда жергілікті атқарушы органдар бұл қарызды өндіріп алу шараларын қабылдамаған, – деп мәлімдеді прокуратура.
Бұдан бөлек, мемлекеттік тұрғын үй үшінші тұлғаларға берілген жағдайлар да тіркелген. Кезек тізімінде марқұм болған азаматтар болған. Ал шын мұқтаж жандарға бос пәтерлер бөлінбеген – әкімдік балансында 65 бос пәтер болса, кезекте 209 адам тұрған.
Мыңкөл ауылында төрт пәтер бос тұр. Ал тұрғын үй кезегінде көпбалалы отбасы, жетім балалар және әлеуметтік осал топ өкілдері бар бес адам кезекте тұр, – деп қосты прокуратура.
Тексеру қорытындысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп кеңесінде қаралып, Железин ауданының Нақты сектор экономикасы бөлімінің басшысына тәртіптік жаза ретінде қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар