6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлаған болатын. Осы жайттан соң қаланың білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Семей қаласының білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылғанын хабарлады.
Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында, - деп атап өтті Ахметқалиев.
Бұған дейін шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқаны, оның жағдайы тұрақты екені айтылған. Ол ауруханаға 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген. Науқасты ертең жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі