28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аяқталып келе жатқан оқу жылының алғашқы қорытындыларын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрдің орынбасары соңғы қоңырау шаралары қалай ұйымдастырылатынын айтты.
«Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шараны 1 маусым - балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынды. Тағы бір айта кететін жайт, 9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. Тоғызыншы сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. Ал 11 сынып түлектері мемлекеттік емтиханды 5-19 маусым арасында тапсырады. Аттестат тапсыру салтанаты өткізіледі. Бұл шараларды 20,21,22 маусым күндері өткізуді ұсынып отырмыз», - деді ол.
Шолпан Каринова соңғы қоңырауға деп ақша жинау заңсыз екенін еске салды.
«Атап өтейін дегенім, сынып сағатын өткізу кезінде, аттестат тапсыру, салтанатты линейка кезінде педагогикалық этиканы сақтап, сыбайласқан заңсыздықтың алдын алу үшін ата-аналардан іс шара өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады және педагогтерге мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасау үшін ешбір қаражат ата-аналардан, басқа жерлерден де жинауға тыйым салынатынын қатаң түрде ескертеміз», - деді вице-министр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?