Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда кісі қолынан қаза тапқан ең жас әлем чемпионы Әли Серікті жақын досы пышақтап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм жігіттің анасы Әлидің досын «үйден дәм татып жүрген, аралас-құралас адам еді» дейді.
Жүрек тұсына және мойнына 4 рет пышақ сұғып алған. Ана баланың екі қолында 2 пышақ болған ғой. Екеуі бір мектепте, бірі сыныпта оқыған. Ораза кезінде үйге келіп, ауыз ашып, көмектесіп жүретін бала болатын. Әлимен бірге қар күреп жүретін, - дейді қайғадан қан жұтқан ана.
Әли Серік небәрі 17 жасында муай-тайдан әлем чемпионы атанған, бірқатар халықаралық жарыста топ жарған.
Оның бапкері Рамис Ғабитов Әлидің арманын бөлісті.
Әли ең жас әлем чемпионы еді. Біз одан үлкен үміт күттік. Ол ылғи да өзінен кейінгі жастарға үлгі болды. Келер жылы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуі керек еді. Әли сол доданы жеңіп, Азия чемпионатында бас сынамақ болған. Кәсіпқой спортқа түбегейлі кетемін деген мақсаты бар еді, - дейді ол өкінішпен.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Әлидің туыстары тергеудің әділ жүріп, қылмысқа барған адамның қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді