Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиыл 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік болып саналады. Сондықтан оларды пайдалану үшін бірқатар құжат болуы қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі қажет болады.
Тіркелу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрі де болады), техникалық құжаттама немесе мопедтің техникалық сипаттамасы.
Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізген соң қажетті мемлекеттік бажды төлеу керек.
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге және A1, A немесе B санаттары бойынша жүргізуші куәлігінсіз жүруге болмайды.
Мұндай қиындықтарға тап болмас үшін мопедіңізді алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қажет.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді