Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКомпаниядан 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Адель құс» ЖШС-не қатысты жүргізілген Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бағаларды белгілеу және қолдау жөніндегі келісілген іс-қимылдар бөлігінде бұзушылық фактісі анықталды.
Тергеп-тексеруді жүргізудің негіздемесі СҚО аумағында тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізу бағасын белгілеу және ұстап тұру жөніндегі құс фабрикаларының келісілген іс-әрекеттерінде көрсетілген бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарламаны орындамау болды.
Қызылжар аудандық сотының қаулысымен «Адель құс» ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды.
Жоғарыда аталған сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кететін мәселе, өткен жылдың мамыр айында аудандық соттың қаулысымен аталған нарық субъектісі осындай бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылып, бұл құқық бұзушылықты анықтауда және салынған айыппұл санкцияларының мөлшеріне әсер етті.
Сонымен қатар, хабарламаны енгізудің бастапқы нүктесі тауық жұмыртқасын өндіру мен көтерме сатудың тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері болды.
Өз кезегінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу мақсатында жүргізіледі.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек