6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ануарұлы Нота жұбайы Еншібайқызы Банумен бірге жол апатынан қаза болды. Бұл туралы дәрігердің туыс-туғандары әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Ануарұлы Нота Моңғолияның Еңбек ері атағын алған санаулы қазақтың бірі. Ол Моңғолияның Мемлекет қайраткері, Халық дәрігері, Моңғолияның Еңбек сіңірген адам дәрігері, Дүниежүзілік Нейрохирургия федерациясының мүшесі, Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Кеңесші нейрохирург, "АЧ" Медицина университеті Хирургия кафедрасының меңгерушісі, "АЧ" Клиникалық Ауруханасының кеңесші дәрігері.
Ануарұлы Нота 1945 жылы 24 қазанда дүниеге келген. 2021 жылы Моңғолия президентінің жарлығымен Моңғолияның Еңбек ері атағын алған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі