1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші турында Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді. «Астана Аренада» өткен кездесуде қонақтар екі гол соғып, алаң иелері бір доппен жауап қатты.
Молдова құрамасының сапынан Ники Клещенко мен Петру Попеску көзге түссе, Қазақстан құрамасының жалғыз голын Нұралы Әліп соқты.
Осы жеңілістен кейін Джон ван ’т Схип шәкірттерінің үш ойыннан кейін еншісінде бір ұпай ғана қалды. Ал Молдова құрамасы жеңіссіз сериясын үзіп, төрт ұпайға ие болды.
Ойыннан кейін баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип жеңілістің командаға ауыр тигенін айтты.
Жеңіліске қатты қапалымын. Команданың да көңіл күйі түсіп кетті. Қарсылас 2:0 есебімен алға шыққаннан кейін, біз әуе арқылы шабуылдауға көштік. Бірақ бұл нәтиже бермеді.
Есепті теңестіретін гол соғуға жақсы мүмкіндіктер болды. Дегенмен, сәттілік жетіспеді. Мұны Словакияға қарсы ойында жіберген қателіктерімізге ұқсатуға болады, – деді бас бапкер.
Ван ’т Схиптің сөзінше, Словакиядан кейін топтан шығу міндеті қиындай түскен. Енді Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына қарсы кездесуде барын салмақ.
Фарер аралдарына қарсы өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Сол кездесуде бар күшімізді саламыз. Бірақ Фарер де өте мықты құрама екенін бірден айта кетейін. Оларға қарсы қол жеткізген нәтижемізді жаман деп айта алмаймын. Ойынымыз “С” тобының деңгейіне сай болды деп ойлаймын. Мен жұмысымды жалғастырамын, – деді ол.
Ал Молдова құрамасының бас бапкері Лилиан Попеску қарсыластың да жақсы ойнағанын айтып, жеңіс үшін келгендерін жеткізді.
Қарсыластар өте жақсы ойнады. Бірақ біздің де гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды. Біз мұнда жайдан-жай келген жоқпыз, жеңу үшін келдік. Бұл – футбол. Бүгін біз жеңдік, ертең сіздер жеңесіздер. Ең бастысы – мойымаңыздар, – деді Попеску.
Оның айтуынша, молдовалық футболшылар Қазақстан құрамасының қысымынан дер кезінде шығып, бапкерлер штабы ұсынған тактиканы орындай алған.
Бір аяғымыз көкте, бір аяғымыз жерде тұрғанда, топтан бірінші орынмен шығамыз деу артық болар. Бірақ соңына дейін күресеміз. Фарер аралдарын оңай жеңеміз деу де қате. Сондықтан алдағы нәтижені болжағым келмейді, – деді Молдова құрамасының бас бапкері.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?