29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Тіксай және Қазачка өзендерінің жағалау аумақтарын, сондай-ақ қаланың бірқатар учаскесін қамтыды.
Сенбілік Кеңсай-3 аумағында, Тіксай өзенінің жағасында, Думан шағынауданында, Бұқтырма көшесінің бойында, сондай-ақ Қазачка өзені көшесі, 185 мекенжайы маңында жүргізілді.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, сенбілікке 14 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, көшелер мен аулалар, жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Шамамен 3 гектар аумақ ретке келтіріліп, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясындағы сенбіліктер қаланың тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Санитарлық тазарту мен көріктендіру жұмыстары жалғасын табады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек