7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, акцияның екінші кезеңінде 58 бұлақ пен 35 су нысанын тазарту жоспарланған. Экологиялық шараларға 11 мыңнан астам адам қатысады. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорын қызметкерлері, жастар, еріктілер, ақсақалдар және жергілікті тұрғындар бар.
Тазалық жұмыстары Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында өтеді. Көптеген өңірде негізгі іс-шараларға облыс әкімдері қатысады.
Бүгінде акцияның алғашқы кезеңі аясында 36 бұлақ пен 27 су нысаны тазартылып, абаттандырылды. Бұл жұмыстарға 12,5 мыңнан астам адам, оның ішінде 900-ден астам ерікті қатысты.
Алғашқы кезең 23 наурызда Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, Жетісу облысы мен Шымкент қаласында басталды. Кейін еріктілер ұйымдары бастаманы жалғастырып, қосымша бұлақтар мен өзен жағалауларын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Сонымен қатар Қостанай облысында Тобыл өзенінің жағалауы, саябақтар мен демалыс орындары тазартылса, Ақтөбе облысында су қоймасының жағалауынан бірнеше тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Экологиялық жұмыстар Алматы маңындағы Алма-Арасан шатқалында да жүргізілді.
Павлодар облысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңірде «Эко-десант», «Эко-лидер», Taza Vibe, EcoFest сияқты жобалар іске асырылуда.
Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, «Мөлдір бұлақ» акциясы барысында 18 бұлақ тазартылған. Жұмыстар Май ауданындағы Саты ауылында, Баянауыл ауданындағы Сәтбаев ауылдық округінде және басқа да табиғи су көздерінде жүргізіліп, бұлақтардың арналары тазартылып, табиғи су ағысы қалпына келтірілді.
Басқарма басшысының орынбасары Ансар Әлешовтің айтуынша, акция басталғалы мамандандырылған полигондарға 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Табиғи су көздерін абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
«Мөлдір бұлақ» акциясы аяқталғаннан кейін де «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық іс-шаралар жалғасын табады. Жыл соңына дейін өзен-көлдердің жағалауларын тазалау, сенбіліктер өткізу, елді мекендерді көгалдандыру және жастар мен еріктілердің қатысуымен түрлі табиғат қорғау акцияларын ұйымдастыру жоспарланған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта экологиялық ағартуға, су ресурстарын үнемді пайдалануға және тұрғындарды табиғатты қорғау бастамаларына кеңінен тартуға ерекше назар аударылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?