Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТанымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында "КешYOU" тобының бұрынғы солистері тарапынан бірнеше рет көңілі қалғанын ашық айтты деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, шоу-бизнес әлеміндегі реніш пен түсінбеушіліктер уақыт өте келе орнына келіп отырады, алайда кейбір жағдайлар жүректе ұзақ сақталады.
Продюсер әсіресе "КешYOU" тобының экс-мүшесі Мөлдір Әуелбекованың әрекеттерінен қатты көңілі қалғанын жеткізді.
Ең ұзақ уақыт бойы кешіре алмаған адамым — Мөлдір Әуелбекова. Топтан кеткенде әдемі қоштаса алмай, ренжітіп кетті. Кейін берген сұхбаттарында айтқан жалған, шындыққа жанаспайтын сөздері менің жанымды ауыртты. Ренжіп, жылаған да сәттерім болды. Кейде реніш жүректе тым ұзақ сақталып қалады екен, - деді Бағым Мұхитденова.
Дегенмен уақыт — бәріне ем. Продюсердің айтуынша, арада біраз жылдар өткен соң, Мөлдір Әуелбекова өз қателігін түсініп, кешірім сұраған.
Бәрі орнына келді. Мен күте білдім. Қазір араласып тұрамыз. Ешқандай реніш қалмады, - деп атап өтті.
Бұл оқиға отандық шоу-бизнесте продюсер мен әртіс арасындағы қарым-қатынас оңай еместігін, бірақ түсіністік пен кешірімнің маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары