Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда 2026 жылғы 10 қарашадан бастап мобильді аударымдар арқылы кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты анықтауға қатысты шекті сома өзгереді. Енді үш ай қатарынан түскен аударымдардың жалпы сомасы 1 557 000 теңгеден асқан жағдайда салық органдары мұндай түсімдерге назар аударуы мүмкін.
Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Салық органдарының түсіндіруінше, бұған дейін мобильді аударымдардың шекті сомасы ең төменгі жалақы (ЕТЖ) негізінде есептелсе, енді айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленеді.
Жаңа шекті мөлшер – 360 АЕК немесе 1 557 000 теңге.
Бұл сома қатарынан үш ай ішінде түскен мобильді аударымдарға қатысты қолданылады.
Ал ақша жіберушілердің саны мен тексеру кезеңіне қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Тек шекті сома жаңартылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік – азаматтардың тауар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету арқылы таза табыс табуға бағытталған дербес бастамашылық қызметі.
Сондықтан мобильді аударымдар тұрақты түрде түсіп, тауар немесе қызмет ақысы ретінде қабылданса, олар кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс ретінде қарастырылуы мүмкін.
Алайда белгіленген шекті сомадан асып кету барлық аударым автоматты түрде кәсіпкерлік табыс болып танылады дегенді білдірмейді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, туыстар, достар және таныстар арасындағы қарапайым ақша аударымдары азаматтың кәсіпкерлікпен айналысатынын білдірмейді.
Мұнда ең бастысы – ақшаның қандай мақсатпен аударылғаны.
Мысалы, ата-ананың баласына ақша жіберуі, достардың бір-біріне қарыз қайтаруы немесе жақын адамдардың қаржылай көмектесуі өздігінен кәсіпкерлік табыс болып саналмайды.
Ал тауар сату немесе қызмет көрсету үшін жүйелі түрде ақша қабылдау кәсіпкерлік қызметтің белгісі болуы мүмкін.
Демек, жаңа талаптардың негізгі мақсаты – азаматтардың жеке аударымдарын шектеу емес, мобильді аударымдар арқылы жасырын түрде жүргізілетін кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстарды анықтау.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операциялары неліктен тоқтатылатынын түсіндірген болатын.
Мұндай жағдай банк шотына түскен қаражат пен салық есептілігіндегі мәліметтер арасында сәйкессіздік анықталып, салық төлеуші тиісті хабарламаға белгіленген мерзімде жауап бермеген кезде туындауы мүмкін.
Жаңа ережеге сәйкес, үш ай ішінде 1 557 000 теңгеден астам мобильді аударым алу өздігінен салық төлеу міндетін туындатпайды. Салық органдары үшін қаражаттың қайдан және қандай мақсатпен түскені маңызды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі