6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерХалық жазушысы Мұхтар Мағауинның жаназа намазы Вашингтон аумағындағы ең үлкен мешіт Американың Диянет орталығында оқылды. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сексен бес жасына қараған шағында көз жұмған алып тұлғамен қоштасу рәсіміне Американың түкпір-түкпірінен қазақтар жиналды. АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен қатар, өзге де дипломаттар да келді.
М.Мағауин АҚШ астанасы маңындағы Мэриленд штатына қарасты Парклоун мемориалының мұсылмандар зиратына жерленді.
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-71 жж. «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983 – 84 жж. еркін шығармашылық жұмыста, 1984-86 жж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыс- та, 1988-2006 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі