Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚонаев қаласында OCTAGON 77 жекпе-жек кеші өтті. Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Иран, Қытай және Әзербайжаннан келген 34 кәсіби спортшы бақ сынады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спорттық додаға екі өңірдің құтқарушылары қатысты. Атап айтқанда, Алматы облысы ТЖД қызметкері Райымбек Асан төрешілердің шешімімен Қытайдан келген қарсыласын жеңді. Ал Ақмола облысы ТЖД құтқарушысы Мәлік Дастан қырғыстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Айта кетейік, екі спортшы да төртінші кәсіби ММА жекпе-жектерінде бақ сынады.
Құтқарушыларымыздың мұндай жоғары деңгейдегі жарыста өнер көрсетуі олардың үздік дене даярлығын, ерік-жігерін және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл жетістік азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметте де, спорт аренасында да лайықты өнер көрсете алатындарының айқын көрінісі, делінген ТЖМ мәліметінде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары