6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРесейдің Белогорск қаласында (Амур облысы) аралас жекпе-жек турнирі кезінде 16 жастағы спортшы басынан соққы алып, кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға ММА федерациясының аймақтық филиалы ұйымдастырған ашық кубок кезінде болды. Жекпе-жектің бірінде жас спортшы басынан соққы алып, біраз уақыттан кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылардың турнирге қатысуы үшін барлық заңды рәсім сақталған, ата-аналарының да рұқсаты бар екен. Кубокты өткізу туралы ережеге сәйкес, 16-17 жас аралығындағы қатысушылар ашық типтегі бокс шлемдерін киіп өнер көрсетуі керек. Дегенмен түсініксіз себептермен жарыстың бас төрешісі оны алып тастау туралы шешім қабылдаған.
Богдан Пушкарев көп балалы отбасынан шыққан. Жергілікті басылымның мәліметінше, ол колледжде оқыған. Ал оның жекпе-жекпен айналысып жүргеніне бір жылға жуықтаған. Бұл турнирде ол жаңадан келген спортшы ретінде өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі