6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылғы 23 шілдеде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің электрондық поштасына фишингтік хат келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, хат info@e-salyq-azamat.kz мекенжайынан келетіні және «жалпыға бірдей міндетті декларациялау» тақырыбымен банктік шоттардың кірістерін, төлем қабілеттілігін және пайдалануларын декларациялау, сондай-ақ дербес коэффициенттерді беру жөніндегі заңнамадағы өзгерістер туралы баяндалған.
Сонымен қатар көрсетілген сілтемелер арқылы өтіп сауалнаманы толтыру ұсынылады. Сондай-ақ хат қосымшасында парольмен бірге нұсқаулық файлы қоса жіберілген және оны интернеттегі веб-сайттан жүктеуге болатындығы туралы ақпарат көрсетілген.
МКК «фишингтік» шабуылдың белгілерін анықтап, осыған байланысты барлық пайдаланушыларға осы хатты ашпауға, көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеуге және кірістірілген файлдарды жүктемеуге кеңес береміз, - делінген мәліметте.
Комитет жалпыға бірдей декларациялау туралы сенімді ақпарат ресми сайтта орналастырылғандығын алға тартты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі