Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мишель Обама елдегі саяси мәдениет әлі де әйел көшбасшыны мойындатуға дайын емес екенін ашық айтты. Бұл пікірін ол актриса Трейси Эллис Росс жүргізген әңгіме барысында білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мишель Обаманың айтуынша, соңғы президенттік сайлаулар американ қоғамының әйел саясаткерге деген көзқарасын айқын көрсеткен. Сол себепті ол 2028 жылғы президент сайлауына түсу ойында жоқ екенін нақты мәлімдеді.
Өткен сайлаулар бәрін көрсетті: өкінішке қарай, қоғам әлі дайын емес. Сондықтан менің кандидатурама үміт артудың қажеті жоқ. Әйел президентті қабылдауға дайын еместіктеріңізді өздеріңіз де мойындағыңыз келмейді, – деді ол.
Экс-бірінші ханым негізгі мәселенің түп-төркінін ер адамдардың көзқарасынан көріп отыр. Оның айтуынша, ерлер қауымы әлі де әйел билігін қабылдауға қиналады.
Басты кедергі – ер адамдардың көзқарасы. Олар әйелдің басшылық етуіне әлі де көндіге алмайды. Демек, алдымен қоғамның өзі өзгеріп, пісіп-жетілуі керек, – деді ол.
Мишель Обама – адвокат, жазушы, АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың жұбайы. 2009–2017 жылдары бірінші ханым ретінде елдегі әлеуметтік жобаларды ілгерілетіп, ұлттық деңгейдегі бастамаларға үн қосқан. Кейін жарық көрген «Becoming. Менің оқиғам» атты автобиографиясы бүкіл әлемде бестселлерге айналды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?