Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Денсаулық сақтау министрлігінде министр Ажар Ғинияттың төрағалығымен онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті, онда ағымдағы жағдай мен 2023-2025 жылдарға арналған даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кеңес жұмысына өңірлік онкологиялық Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, жетекші онкологтар, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас онкологы, вице-министрлер және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас онкологы, академик, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрағасы Д. Қайдарованың баяндамасы сәйкес 2022 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы бойынша сырқаттанушылықтың өсуі 4,6% -ды құрады, онкологиялық аурулардан өлім-жітім 8,5% - ға төмендеді.
Аурушаңдық құрылымында жетекші орында: сүт безі обыры, өкпе обыры, тоқ ішек обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры. Өлім-жітім құрылымында жетекші орында: өкпе обыры, асқазан обыры, тоқ ішек обыры, сүт безі обыры, ұйқы безі обыры.
Сондай-ақ, үйлестіру кеңесінде қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету бойынша онкологиялық көмекті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бес бағыт бойынша талқыланды: тәуекел факторларының алдын алу және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, ғылым мен кадрлық әлеуетті дамыту.
Тұжырымдама профилактиканы жетілдіруге, радиологиялық және зертханалық-диагностикалық жабдықтарды жаңғыртуға, цифрлық маммографтар, сәулелік аппараттар мен бейнеэндоскоптар паркін жаңартуға, аз инвазивті хирургияның заманауи аппараттарымен және операциялық-реанимациялық жабдықтармен жарақтандыруға, ісікке қарсы препараттардың спектрін кеңейтуге, жоғары мамандандырылған кадрларды даярлауға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған орталықтарды салу және реконструкциялау мәселелеріне бағытталған.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша министр ерте кезеңдерде қатерлі ісіктерді анықтауды күшейту, өңірлердегі ахуалдық орталықтардың "жасыл дәліз" мониторингі бойынша жұмысы жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін халыққа онкологиялық көмекті жетілдірудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?