23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ғалымдармен бірлесіп, қырылған итбалықтардың азу тістерін қарап, зерттеу арқылы бірнеше қорытынды жасады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, олардың неден қырылғанын нақты анықтау мүмкін болмады, өйткені табылған итбалықтардың денесі ыдырап кеткен.
«Итбалықтардың жаңа туған ақкүшіктері мұзбен бірге ашық теңізге шыққан немесе олар тікелей теңіздегі суға түсіп, әлсіреп қалған. Өздеріңіз білетіндей, бұл аймақта 2021-2022 жылдың қысы өте жылы болды, бұл мұз құрамына және оның қатты жабынына теріс әсер етті, сәйкесінше тіршілік ету кезінде немесе қатты жел салдарынан мұз бөлінген. Итбалықтар күшіктермен бірге ашық теңізде қалған және бір-бірімен байланыс үзіліп, жаңа туған күшіктер әлсіреп өлген»,- деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Бақытжан Исақаев.
Оның айтуынша, итбалық қаңқаларынан механикалық зақымдар, оның ішінде заңсыз аулау құралдарына, торға түскені анықталды. Негізінен бұл торлар бекіре тұқымдас балықтарды аулау үшін қойылады. Кемелердің бұрандаларынан да зақым алуы мүмкін.
«Ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік органдар Қашаған ауданында жүргізіліп жатқан тереңдетілген жұмыстар итбалықтардың тіршілігіне және олардың қырылуына себеп бола алмайды деген қорытындыға келді», - деді ол.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік