2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды El.kz
Қазіргі уақытта уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.
Бірқатар өңір әкімдіктері бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өту қажет.
«Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды», -делінген ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс