Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПарламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында министрлер де өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында сайлау учаскесіне барып, дауыс бергенін жазды.
Бүгін ұлым екеуміз таңертең ерте тұрып, азаматтық борышымызды өтеп қайттық, - деп жазды министр.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та өз таңдауын жасағаны туралы жазды.
Бүгінгі сайлауда дауыс беріп, азаматтық борышымды өтедім. № 130 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары, бұл отандастарымыздың саяси процеске үлкен ынтамен қатысып жатқанын көрсетеді және бұл қуанарлық жағдай. Қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, өз таңдауын жасауға шақырамын, - деп жазды Мәдениет және спорт министрі.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек