Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкіметтің баспасөз брифингінде көлік министрі Нұра ауданындағы ауылдың жол сапасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрі Марат Қарабаев республикалық жолдар 25 мың шақырым болса, соның 21 мыңын жүріп өткенін айтты.
Жолмен жүргенде республикалық жолдармен ғана жүрмейсің, арасында ауылдарға соғып, сол жолдарды бақылайсың. Республикалық басқа да жолдар болсын, екі-үш жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы, – деді.
Осы ретте тілші министрдің бұл пікірімен келіспейтінін айтып, ауылдан-ауылға баратын жолдардың сапасы өте нашар екенін жеткізді. Мәселен, Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты ауылдардағы жол сапасына қатысты мәселе тәуелсіздік алғалы әлі шешімін таппай келеді.
Тілші: «Нұра ауданына қарасты ауылға сіздер, бүкіл министрлер, балық аулауға барасыздар. Сол жолдың мәселесі қашан шешіледі?» деп сұрады.
Әр жолдың өз иесі бар. Жергілікті жол болса, оны әкімге қою керек. Ал әкімдіктің салып жатқан жолдарын біздің Ұлттық сапа орталығы қадағалайды. Бірақ әкімнің де өзінің жоспары бар ғой. Берілген қаржысының есебінде қай жолға басымдық беретінін шешеді. Не үшін бөлінген қаржыға бұл жолға басымдық берілмей отырғаны әкімнің дербес шешімі, – деді министр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?