23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушыларды «Соңғы қоңыраумен» құттықтады.
Министр Астанадағы №75 гимназияның салтанатты шарасында мектеп түлектеріне «Сіздер жаңа әлемге қадам басқалы тұрсыздар. Әлемнің басқаша қырларын, меніңше, университеттің бірінші курсында сезінесіздер. Сіздер керемет мектепті тәмамдадыңыздар, жақсы білім алдыңыздар. Барлығыңызға ҰБТ-да сәттілік тілеймін. Еліміз бен шет мемлекеттердегі үздік жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Болашақта біздің ұлы ғалымдарымыз, ұлы жазушыларымыз, ұлы инженерлеріміз көп болсын", - деп, жылы лебізін білдірді.
№75 мектеп-гимназия 2014 жылдың 1 қыркүйегінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Гимназияда "Эрудит" деп аталатын ғылыми қоғам бар. Мұнда білімге деген құштарлығы жоғары, алғыр балалармен жұмыс жүргізіледі.
Айбота Өтеулі
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады